Оралда Президенттік көпсайыстан ҚР ІІМ біріншілігі мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында Қазақстан полициясының 25 жылдығы мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Президенттік көпсайыстан ҚР ІІМ чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігі мен «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы жеке құрамның дене дайындығын арттыруға, сондай-ақ қызметтік-қолданбалы және олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға тұрақты көңіл бөліп келеді. Аталмыш біріншілік - соның бір дәлелі.

null

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл жолы Ақ Жайықта ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық облыстарынан 15 команда құрамында 100-ден астам адам қатысты. Олар жауынгерлік қарудан нысана көздеуден, жүзуден, 60, 100, 1000 және 3000 метрге жүгіруден, орында тұрып секіруден, граната лақтырудан сынға түсті.

Чемпионат қорытындысында жалпы есепте СҚО ішкі істер департаменті командасы үздік шықты. Қарағандылықтар екінші, қостанайлықтар үшінші орынға көтерілді.

null

Жекелей сында 30 жасқа дейінгілерден қызылордалық Абзал Жақыпбаев, 35 жасқа дейінгілерден қарағандылық Еркебұлан Қамиев, 40 жасқа дейінгілерден Ақмола облысынан келген Берік Нұрғалиев, 45 жасқа дейінгілерден қостанайлық Тайыр Ақанов жеңімпаз атанды.

null

Осы күндері ҚР құқық қорғау органдары, арнайы және күштік құрылымдары арасында Президенттік көпсайыстан «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының VІ жазғы салалық спартакиадасы да өткізілді. Бұл жарысқа барлығы бес команда қатысып, жалпы есепте ҚР ІІМ командасы топ жарды. ҚР ҰҚК шекара қызметі командасы екінші, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы өкілдері үшінші орындарды бөлісті. Жекелей сында ҚР ІІМ өкілдері Дмитрий Комков (30 жасқа дейін), Сергей Шумков (40 жасқа дейін), Айдар Сәуірбаев (45 жасқа дейін) озық шықты.

null

Соңғы жаңалықтар