USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлді

2021 жылғы 3 желтоқсан 13:37
Бөлісіңіз:
Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік-Қытай теңізінде F-35 жойғыш ұшағы апатты жағдайда қонды Энергожүйедегі апат: Алматы ауруханаларында жарық сөнген жоқ Батыс Қазақстан облысында 310 баладан коронавирус анықталды

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат шамамен 07.40-та Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратында болды.

Ғимаратты күзету тобында қызмет атқарған 20 жастағы полиция кіші сержанты бекітілген табельдік қарудан өзін-өзі атып өлтірді.

Аталған полицей ішкі істер органдарында биылғы мамырдан бері қызмет атқарған. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың осы айына дейін әскери борышын өтеген.

Қызмет атқарған кезінде өзін жақсы қырынан көрсеткен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын полицейдің қатысы бар жол апатынан зардап шеккен 6 айлық қыз баланың жағдайы өте ауыр екендігін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT