Оралда полиция автокөлігі жанып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда полиция автокөлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 12 маусым күні сағат 16.05-те Гагарин көшесіндегі Департаменттің патрульдік полиция батальоны әкімшілік ғимаратының ауласында болған. «Шкода Октавия» патрульдік автокөлігі өртенді.

2014 жылы шығарылған автокөлік батальонға бекітілген. Батальон инспекторы автокөлікті қойғаннан кейін түтін шығып, жана бастаған. Өз күштерімен өртті сөндіре алмаған. «Тілсіз жауды» БҚО ТЖ департаменті №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері ауыздықтады.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Аталған дерек Орал полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді.

Қазіргі мәлімет бойынша сымның тұйықталуынан от шыққан. Ө рт-техникалық сараптама тағайындалды. Оған қоса департаменттің жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, оқиғаның себептерін анықтауда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда электр жөндеуші маманды ток соғып, мерт болған еді.




Соңғы жаңалықтар