20:22, 18 Қазан 2019 | GMT +6
Оралда пәтерден әйел адамның мүрдесі табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда пәтерден әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 18 қазан күні сағат 13.35-те орын алды.
Құтқарушылар (4 адам, 1 техника) Ларин көшесі 1-үй 37-пәтердің жабылып қалған кіреберіс есігін ашқан кезде баспананың ішінен 1952 жылғы әйелдің мүрдесі табылған.
Мүрде учаскелік полиция инспекторына тапсырылды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.