15:00, 16 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Оралда орман маңынан әйелдің мүрдесі табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда орман маңынан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 15 қыркүйек күні қалаға қарасты Ветелки ауылында болды. Сағат 13.45-те орманға таяу жерден белгісіз әйелдің денесі табылды. Кім екендігін және өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 4 жасар баланың аман-есен табылғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ БҚО-ның екі тұрғыны ірі көлемдегі есірткі заттарымен қолға түсті.