Оралда оқушыны зорлау оқиғасы тергелуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 9-сыныпта оқитын қыз баланы зорлау оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті ретінде оның құрдастары қарастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы болған оқиғаны растап, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Оқиға 8 наурыз күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала достарымен бірге мейрамды атап өткен. Оның соңы бірнеше жастың қызды зорлауымен аяқталған.


Соңғы жаңалықтар