Оралда көппәтерлі үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда көппәтерлі үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 қазан күні сағат 15.05-те Қ.Аманжолов көшесіндегі 162-үйде болған.

Бес қабатты үйдегі 28-пәтерде жеке заттар мен диван жанған. Соның салдарынан 25 адам эвакуацияланса, оның 9-ы – бала. Өрт департамент күшімен (11 адам, 4 техника) сағат 15.46-да сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім з ардап шекпеді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

«Пәтердегі өрт өте қауіпті. Статистика бойынша республикадағы өрттердің 70 пайыздайы және одан қаза табатындардың 90 пайызға дейіні осы тұрғын үйлердің үлесіне тиеді. Сондықтан әр тұрғынның өз үйінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұлжытпай сақтау аса маңызды», деді ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің зілзала қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өртенген үйден оттегі баллоны шығарылғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар