+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Оралда кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтірген күдіктілер ұсталды

2020 жылғы 20 мамыр 15:04
Бөлісіңіз:
Оралда кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтірген күдіктілер ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Асхат Теміржановтың мәлім еткеніндей, қанды оқиға өткен жылы 7 қыркүйекте орын алды.

Циолковский көшесі 53-үйден зорлықпен өлтірілген 1934 жылғы зейнеткер кейуана мен оның ұлы, 2 топ мүгедегі, ДЦП сал ауруымен ауырған 1959 жылғы ер адамның денесі табылған болатын.

Оқиға орнынан 130 мың теңге мен 75 мың теңгенің алтын бұйымдары ұрланғаны белгілі болды.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес марқұмдар тұншықтырылған әрі жабық бас-ми жарақаттарын алған.

Кешенді тергеу шаралары барысында 1992 жылғы Т., 1993 жылғы З. және 1991 жылғы К. есімді күдіктілер анықталды.

Ұсталғандардың бірі кінәсін мойындап, тергеу орындарына көмектесуге келісті. Ол ұрланған заттың қайда тұрғандығын көрсетті.

Қалған екі күдіктінің де кінәсі толықтай дәлелденді. Мысалы, ұрланған алтын бұйымның молекулярлық-генетикалық сараптамаға сәйкес марқұм әйелге тиесілі екендігі анықталды. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің киімінде зейнеткердің ДНК-сы табылды.

«Күдіктілерге қатысты сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысы шыққаннан кейін істі сотқа жіберу туралы процессуалдық шешім қабылданатын болады», деді А.Теміржанов.

Орал қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, осы оқиғаға байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде жедел іздестіру шаралары барысында басқа 63 қылмыс ашылған. Бұдан басқа криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 11 адамды (соның 9-ы қылмыстық құқықбұзушылық жасаған) ұстап, жоғалып кеткен 2 адамды тапты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеке үйден екі адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT