+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Оралда «Қазақтың Қадыры» атты жыр мүшәйрасы мәреге жетті

2020 жылғы 26 қыркүйек 18:28
Бөлісіңіз:
Оралда «Қазақтың Қадыры» атты жыр мүшәйрасы мәреге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған «Қазақтың Қадыры» атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда зиялы қауым өкілдері бас қосты СҚО-да биыл діни әдебиет сатқан 11 адам айыппұл төледі Атырауда жазушы Рахымжан Отарбаев атындағы сыйлықтың жеңімпаздары анықталды

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы ұйымдастырған жастардың өлең бәйгесіне барлығы 36 үміткер қатысып, бақ сынады.

Қазылар алқасының шешімімен оралдық Айбол Исламғали бас жүлдені (100 мың теңге) жеңіп алды.

Жеңімпазға жүлдені ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет тапсырды.

Сондай-ақ тағы бір жас талант, жаңақалалық Мәрлен Ғилымхан бірінші орынға көтерілді.

Бөрлілік Мейрамбек Сыдық екінші, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің І курс студенті Әділ Ахметов пен сырымдық Бауыржан Ширмединұлы үшінші орынға ие болды.

Арнайы екі сыйлық жаңақалалық Ернар Жақсыбаев пен ақжайықтық Абылайхан Мақсұтовқа бұйырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT