Оралда кәсіпорын басшысы «Нұрлы жер» бойынша бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орал қаласында кәсіпорын басшысы мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 143 млн. теңгеден астам қаражатты жымқырған.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитеттің баспасөз қызметіне таратқан ақпаратқа қарағанда, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыс кәсіорындары бірінің директоры ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т., 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды (ҚР ҚПК 128-б. сәйкес).

Ұсталған адам мемлекеттік сатып алуларға қатыса отырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді салуға бөлінген 143 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

«Сондай-ақ, айыпталушы 2017-2018 жылдар аралығында 1,5 млрд. теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған. Тергеу амалдары жалғасуда»,-делінген ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметітаратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар