Оралда ер адам ауласындағы құдықта асылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ер адам өз үйінің ауласындағы құдықта асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 қыркүйек күні шамамен сағат 20.30-да болды.

Оралда 56 жастағы ер адам өз үйінің ауласындағы шахта құдығында асылып қалған.

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша Орал қаласы полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар