+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Оралда екі көлік соғылып, 3 адам ауруханаға түсті

2021 жылғы 23 қыркүйек 13:28
Бөлісіңіз:
Оралда екі көлік соғылып, 3 адам ауруханаға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сабақ кезінде шіркейді улау жүргізілген: Ақтөбеде мектеп директоры жазаланды Түтін тараған: Ақтөбеде сабақ барысында шіркейлерді улау жүргізілген СҚО-да жасөспірім бала граната тауып алды: Тұрғындар эвакуацияланды

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қыркүйек күні шамамен сағат 11.15-те Зачаган кентіндегі Жәңгір хан мен С.Айтқұлов көшелерінің қиылысында болды.

«Лада Грантаның» 43 жастағы жүргізушісі автокөлік руліне ие бола алмай, бағдаршамда тоқтап тұрған «ВАЗ-2115» автокөлігін (жүргізушісі 34 жаста) түйген.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен «ВАЗ-2115» автокөлігінде отырған жолаушы түрлі жарақат алды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жарақат алған үш ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полицейлерден қашқан мас жүргізушінің орманға кіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT