Оралда екі автокөлік түйісіп, 2 адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік түйісіп, біреуі арыққа түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа ауыр.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға бүгін сағат 16.10-да 8 наурыз бен Карев көшелерінің қиылысында болды.

«Ауди» мен «ВАЗ-2110» автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігі арыққа түсіп кеткен. Осы көліктің жүргізушісі мен оның жүкті әйелі жарақат алып, жедел жәрдеммен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша жол ережесін «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі бұзған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы жол-көлік оқиғасынан ер адам мен оның аяғы ауыр зайыбы жарақат алғанын растады.

Еске сала кетейік , бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан екі адамның қаза тауып, төртеуінің ауыр жарақат алғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар