Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 15.40-та Н.Назарбаев даңғылы мен А.Карев көшесі қиылысында болды.

"Лада Ларгус" және "ВАЗ-2110" автокөліктері соқтығысқан. Ж ол апаты салдарынан үш адам зардап шекті.


БҚО Д енсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 15.46-да шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, 9 және 17 жастағы қыздар, сондай-ақ 52 жастағы әйел жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Қыздардың екеуі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына, әйел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полицей қызметінен қуылғанын, сондай-ақ ауруханада жатқан 65 жастағы ер адамның үшінші қабаттан секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар