Оралда екі автокөлік соқтығысып, бір отбасының үш адамы зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында екі автокөлік соқтығысып, бір отбасыдан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін таңмен Е.Пугачев пен Жәңгір хан көшелерінің қиылысында болды.

Фольксваген және Форд автокөліктері соқтығысқан, қай жүргізушінің кінәлі екендігі анықталу үстінде.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 08.43-те жетті.

Жол апатынан бір отбасыдан үш адам жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша 60 жастағы әйелдің кеудесі мен иық тұсы көгерген. 21 жастағы қыздың жамбас сүйегі сынған. 18 жастағы жігіт жабық бас-ми жарақатын алған әрі миы шайқалған. Үшеуі де қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түрмеде 33 жастағы ер адамның асылып қалғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар