Оралда екі автокөлік соқтығысып, 3 бала зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 10.47-де шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті. 2014 жылғы баланың миы шайқалған деген күдік бар. 7 айлық сәбидің оң жақ кеуде тұсы көгерген. 2016 жылғы бала ішінен жабық жарақат алды деген күдікпен анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін шамамен жергілікті сағат 10.47-де Мұхит пен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болды.

«ВАЗ-2115» автокөлігі Мұхит көшесімен келе жатқан «Лада Приораны» өткізбей, соқтығысуға жол берген.

Соның салдарынан 4, 6 жасар балалар және 7 айлық сәби зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша олардың миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын алған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында 6 адам тамақтан уланып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар