+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Оралда дүкен мен ақша айырбастау пунктін тонағандар ұсталды

2021 жылғы 10 сәуір 00:33
Бөлісіңіз:
Оралда дүкен мен ақша айырбастау пунктін тонағандар ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралада дүкен мен ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисеновтің мәлім еткеніндей, ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі ақтөбелік болса, біреуі – оралдық тұрғын.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігіне (қарақшылық), 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) және 191-бабы 2-бөлігіне (кісі тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалды. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Н.Бисеновтің сөзіне қарағанда, биылғы 21 ақпанда қара бетперде киген белгісіз біреулер Деркөл ауылындағы «Транзит» дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған болатын. Сатушыны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 75 мың теңгені алып кеткен. Онымен тынбай, осы ғимаратта орналасқан ақша айырбастау пунктіне кіріп, 1,5 млн теңге мен ноутбукті жымқырып, бой тасалаған.

-Қылмыстық топ өз әрекетін алдын ала жоспарлап, ақша айырбастау пунктінің кассирін жұмысқа бара жатқанда, ұрлап әкеткен. Соның кілтімен ақша айырбастау пункті мен сейфті ашқан. Кассир мен сатушыны байлап тастап, машинада ұстаған. Полиция департаменті бастығының бұйрығымен арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру жұмыстары барысында Ақтөбеден екі күдікті ұсталып, Оралға жеткізілді. Біреуі Оралдан қолға түсті. Олар 1979, 1981 және 1984 жылғылар болып шықты, - дейді Н.Бисенов.

Күдіктілердің бірі бұған дейін адам өліміне апарып соққан ауыр дене жарақаттарын салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тергеу барысында заттай айғақтар тәркіленді. Қарақшылық шабуыл кезінде олардың тапанша муляжын пайдаланғаны анықталды. Ал қаржыны өз қажеттеріне жұмсап үлгерген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Тараз тұрғыны 21 кг есірткімен ұсталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT