Оралда бірнеше ауданда су беру тоқтатылады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда кәріз коллекторында тағы да апатты жағдай орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 6 наурыз күні сағат 19.30-да Мәскеу көшесінде кәріз коллекторында екі жерде диаметрі 500 мм құбыр жарылды.

Оның жарылу себебі анықталу үстінде.

Осыған байланысты қаланың 5, 6, 7 және 9-шағынаудандарында су беруді тоқтату жоспарлануда.

Қазіргі кезде «Батыс су арнасы» және «Жайық таза қала» ЖШС күштерімен (18 қызметкер, 11 техника) жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласының бірқатар бөлігі ауыз сусыз қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар