Оралда балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер аман-есен табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен жасөспірімдер аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 15 жасар Сергей Таишев пен 14 жасар Илья Шканов қазіргі кезде отбасылық үлгідегі балалар ауылында.

Жасөспірімдерді полиция қызметкерлері іздеп тапты. Екеуі де дін аман, жағдайлары жақсы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 14 және 15 жасар екі жасөспірімнің балалар үйінен қашып кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар