+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Оралда автокөлік пен мотоцикл түйісіп, екі жүргізуші қаза тапты

2021 жылғы 18 маусым 17:10
Бөлісіңіз:
Оралда автокөлік пен мотоцикл түйісіп, екі жүргізуші қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік пен мотоцикл түйісіп, екі жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы маңында болған жол апатынан бір адам қаза тапты Қарағанды облысы жолдарында бір жарым жылда 200 адам көз жұмды Өскемен-Алтай тасжолында көлік аударылып, 1 адам көз жұмды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18 маусым күні шамамен сағат 15.03-те Бәйтерек ауданы Белес ауылы бағытындағы айналма жолда болды.

«Фольксваген Пассат» автокөлігі (жүргізушісі 1959 жылғы ер адам) мен мотоцикл (жүргізушісі 1990 жылы туған) соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында мерт болды.

Қазіргі кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап, мән-жайды анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көлікпен соқтығысқан мотоциклдің 15 жастағы жүргізушісі мерт болғанын, жедел жәрдем көлігі экскаватормен түйісіп, екі адамның ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT