+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті

2021 жылғы 14 маусым 14:18
Бөлісіңіз:
Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды Елордада жоғалған балалар табылды ҚР Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Әбілқайыр хан даңғылында болды.

«Автокөлік шамамен жасы 50-дегі әйел адамды қағып кеткен. Жедел жәрдемге сағат 12.04-те қоңырау шалынды. Бригада бес минуттан кейін оқиға орнына жетті. Бірақ әйел адам алған жарақаты салдарынан сол бойда қайтыс болып кеткен», деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, шамамен сағат 11.55-те 35 жастағы жүргізуші DAF жүк көлігімен реттелетін жаяу жүргінші өткелінде 1965 жылғы әйелді қағып кеткен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мас күйінде суға түскен екі адамның батып кеткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT