Оралда автобус жүргізушілері есірткіге елтіген күйде рульге отырған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автобус жүргізушілері есірткіге елтіген күйде рульге отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 21 қаңтар күні болды.

Жедел алдын алу шаралары барысында Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы түскі сағат 14.00 шамасында Самал көшесінде ГАЗ маркалы маршруттық автобусты кідіртті. Оның рулінде отырған 1979 жылғы Л. деген жүргізуші есірткіге елтіген күйінде болған.

Сол күні шамамен сағат 15.30-да Құрманғазы көшесінде тағы бір осындай автобус тоқтатылды. Оны айдап келе жатқан 1978 жылғы Ч. деген жүргізуші де есірткіге мас күйінде болған.

Қос автобус та арнайы тұраққа қойылды.

Екі жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 1-бөлігіне қатысты іс қозғалып, Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Аталған жүргізушілер 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылып, оған қоса 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар