Оралда 4 бала Жайықты жүзіп өтпек болған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Жайықты жүзіп өтпек болған төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 тамыз күні сағат 14.01-де болды.

Жедел құтқару жасағының қызметкерлері (2 адам, 1 жүзу құралы) өзенді торуылдап жүрген кезде 12 жастағы екі, сондай-ақ 14 және 13 жастағы балалар құтқарылды. Олар өзенді жүзіп өтпек болған.

ТЖ департаменті шомылу маусымы кезінде адамдарды сақтандыру үшін шаралар кешенін жүргізіп келеді. Соған қарамастан, тұрғындардың суға кетуі тыйылмай отыр. Биыл өңірде 14 адам суға кетсе, соның тең жартысы – жасөспірімдер. 6 адам құтқарылды.

Суға кетудің негізгі себептері – ата-аналардың балаларын қараусыз жіберуі (6 оқиға), ересектердің өзенге мас күйінде түсуі (5). Сондай-ақ балық аулау кезінде 1, абайсызда 2 адам батып кеткен.

Ауа температурасының (25 градусқа дейін) төмендеуіне байланысты 1-9 тамыз аралығында облыста суға кету оқиғасы тіркелген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20-ға жуық адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар