Оралда 3 көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында үш автокөлік соқтығысып бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 20 сәуір күні шамамен сағат 09.37-де Жәңгір хан көшесі бойында болды.

1959 жылғы жүргізуші Volkswagen Vento автокөлігімен «Беркут» жанар-жағар май стансасы тұсында Жәңгір хан көшесінде келе жатқан «Ауди» автокөлігіне жол бермей, түйіскен. Содан кейін Volkswagen Vento жол бойында тұрған «КамАЗ» автокөлігіне барып соғылған.

Жол апаты салдарынан 2 жолаушы мен 1 жүргізуші жарақат алды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 09.33-те шақырылып, жол апатынан төрт адам зардап шекті.

«Зачаган кентінде тұратын 1968 және Теректі ауданының тұрғыны, 1969 жылғы әйелдің жіліншігі көгерген. Теректі ауданының тағы бір тұрғыны, 1969 жылғы әйелдің денесі көгеріп, өкшесі сынған. Облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген үшеуі дәрігер қарағаннан кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді. Ал жабық бас-ми жарақатын алған Зачаган кентінің тұрғыны, 1959 жылғы ер адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр», деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар