+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Оралда 2 көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

2021 жылғы 16 қазан 00:02
Бөлісіңіз:
Оралда 2 көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 2 көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында полициядан қашқан көлік апатқа ұшырады Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті СҚО-да екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам жарақаттанды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 15 қазан күні сағат 12.30-13.30 аралығында Сырым Датұлы көшесі бойында болды.

«Тамаша» мейрамханасы маңында 45 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2113» автокөлігімен бұрылу кезінде қарсы бетте 34 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Шкода» автокөлігімен түйісуге жол берген.

Салдарынан «Шкода» жолдан шығып кетіп, шам орнатылған бағанды түйген.

Медициналық куәландыруға сәйкес екі жүргізуші де ішімдік ішпеген.

«ВАЗ-2113» автокөлігіндегі 1994 жылғы және «Шкода» көлігіндегі 1992 жылғы әйелдер жарақат алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 12.54-те шақырылды. Бригада 5 минуттан кейін жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша 27 және 29 жастағы әйелдер жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. 29 жастағы әйелдің мұрын сүйегі сынған. Екеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт қылғанын жазған болатынбыз.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT