Оралда 11 жасар қыз бала суға кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 11 жасар қыз бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 7 шілде күні қалаға қарасты Серебряков кенті маңында болған.

Сағат 18.00-де 2009 жылғы қыз бала белгісіз жағдайда Көшім каналына батып кеткен. Ол достарымен бірге болған.

Қыздың денесін құтқарушылар (4 қызметкер, 1 техника) сағат 18.17-ден бастап іздестірді.

Марқұмның мүрдесін 21.00-де жергілікті тұрғын шығарып алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 6 жасар бала мен жасөспірімнің суға кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар