Оралбай Әбдікәрімов білім басқармаларындағы жемқорлық былықтар туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа жалпы ұлттық қозғалысының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов пандемия кезінде білім басқармаларының басшылары бюджет қаражатын қалай жымқырғанын айтты, - деп хабарлайды ҚаАқпарат.

Республикалық қоғамдық бірлестік төрағасы пандемия сыбайлас жемқорлар үшін ақша жымқырудың жаңа мүмкіндігі болғанын айтады.

«Сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас қалыптастыру ісін жалғастыру керек. Бұл формалды сипатта өтпеуі қажет. Әрқайсымыз оның ел дамуының қазіргі кезеңінде маңызы зор екенін түсінуіміз керек. Пандемия кезеңінде сыбайлас жемқорлар ахуалды пайдаланғанын білеміз. Пандемияға қарсы қаншама қаражат бөлінгенін баршаңыз білесіздер. Індетпен күреске триллиондаған теңге бөлінді. Соны жырымдап, жол бойынша, басқа да бағыттар бойынша жымқырғандар бар «, - деді Оралбай Әбд і кәрімов Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен семинар-кеңесте.

Сондай-ақ ол халыққа білім беру саласында да жағдай солай екенін айтты.

«Мектептерді компьютрлендіру бойынша қорқынышты фактілер белгілі болып жатыр. Компьютер сатып алуға сеніп тапсырылған ақшаны облыстық білім басқармаларының басшылары бағаны қолдан көтеру арқылы жымқырған. Салдарынан сапасыз компьютерлер алынған. Осындай жайттар қайталанбауы үшін бүкіл халық болып жемқорлыққа қарсы күрестің маңызын түсінгені керек. Біз бұл істі соңына жеткіземіз. Ол үшін күнделікті жұмыс істеу қажет», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар