Орал тұрғыны үйін қолдан қару-жарақ жасайтын шеберханаға айналдырған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда токарь заңсыз жолмен атыс қаруын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сенсек , өңір полицейлері заңсыз қару айналымы саласындағы қылмыстың жолын кескен.

28 қаңтарда жедел-іздестіру шаралары барысында сағат 13.00-де қару жасады деген күдікпен 1959 жылы туған Ф. есімді азамат ұсталған.

Оның тұрғылықты жерін тінту барысында бірқатар жайт анықталған.

Күдікті жатын бөлмесін қару-жарақты заңсыз жасайтын қолөнер шеберханасына айналдырған.

Оның бірнеше рет атыс қаруын, олардың компоненттерін заңсыз өндірумен немесе жөндеумен, сондай-ақ оқ-дәріні заңсыз өндірумен айналысқаны анықталды.

«Қазіргі уақытта қаруды, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру және қаруды заңсыз дайындау фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі және 288-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп мәлім етті полиция.


Соңғы жаңалықтар