+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Орал қаласының әкіміне сөгіс жарияланды

2019 жылғы 22 қараша 17:50
Бөлісіңіз:
Орал қаласының әкіміне сөгіс жарияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 10 жасар қыздың қазасынан кейін жол қауіпсіздігі шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жетісай ауданының әкімі әр тұрғынның өтініші назардан тыс қалмайтынын жеткізді Ерлан Тұрғымбаев бірқатар облыстың бас полицейін жазалады Қуанышбек Ысқақов Қызылордадағы шыны зауыты қашан ашылатынын айтты

Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың сессиясы кезінде өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлім етті.

«Соңғы кездегі жол-көлік оқиғаларының көбеюі бәрімізді алаңдатып отыр. Әсіресе, қаршадай қыздың қыршын кетуі қабырғамызға аяздай батты. Жол апаты көшенің жарықтандырылмаған, қараңғы тұсында орын алды. Осы оқиғаға байланысты Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жарияланды. Жол қауіпсіздігін қатаң қадағалауды сондай-ақ БҚО полиция департаментіне тапсырамын», деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Оған қоса облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев жетекшілік ететін ведомствоаралық сарапшы топ құрылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 10 жасар қызды қағып, қашып кеткен жүргізушінің ұсталғанын, ал қыздардың мәйітін ауыстырып жібергендердің жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT