Орал қаласы маңында орман алқабы өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы маңында орман алқабы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қазан күні сағат 17.51-де 1-саяжай ауданында болды.

Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында 7 гектар құрғақ шөп және 8 гектар орман алқабы (қайың, қараағаш) отқа оранды.

Жел екпіні (секундына 8-10 метр) өртті сөндіруді қиындата түсуде.

Өрт сағат 19.11-де оқшауланды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға ТЖ департаменті (35 қызметкер, 7 техника), орман шаруашылығы мекемесі (5 қызметкер, 1 техника) жұмылдырылды.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі тұрғын үйде өрт болып, 17 адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар