+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Оптимистік сценарийге сенгіміз келеді –Дәурен Абаев АҚШ пен Иранның текетіресі жайлы

2020 жылғы 10 қаңтар 21:13
Бөлісіңіз:
Оптимистік сценарийге сенгіміз келеді –Дәурен Абаев АҚШ пен Иранның текетіресі жайлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ пен Иран текетіресі Қазақстанға қалай ықпал етуі мүмкін? Бұл сұраққа «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айтылып жатқан әңгімені қайталаудың қажеті шамалы. Десе де, айтпау кету тағы орынсыз. Дәл бүгінгі күні жағдай осылай болады деп тап басып айту мүмкін емес. Бірақ, бүгінгі күні әлемнің барлық сарапшысы текетірестің шырқау шыңынан өтіп кеткенін айтып, осы тұжырымның дұрыстығына үміттенеді. Шынына келгенде, жағдайдың ушығуына және әскери сипатқа ауысуына ешкім де мүдделі емес. Сол себепті, оптимистік сценарийге сенгіміз келеді», - деді Дәурен Абаев.

Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы сыртқы саясатқа және күштік құрылымдарға жауап беретін блокқа нақты тапсырма беріп, шекарадан тыс мекемелердің, әлбетте, ең алдымен шетелдегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырғанын еске салды.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Бағдат халықаралық әуежайына жасалған ракета шабуылынан 8 адам көз жұмды. Ракеталар «Аль-Хашд аш-Шааби» шиит жасағына қарсы бағытталған болатын. Кейіннен бұл америкалық Пентагонның операциясы екені белгілі болды. Ракета шабуылынан қаза тапқандар арасында ирандық Ислам революциясы әскерлері корпусының арнайы мақсаттағы «Аль Кудс» қарулы күштерінің қолбасшысы Касем Сүлеймани де бар.

Көп өтпей АҚШ пен олардың одақтастарының күші шоғырланған Ирактағы екі әскери базаға Иран ракеталық шабуыл жасады.

Осы оқиғалардың ізінше украиналық әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырап, 177 адам көз жұмған еді. Украина Ирандағы әуе апатының барынша ашық тергелуін талап етпек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT