Опера әншісі Мария Мудряк жол апатына ұшырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал опера әншісі, Дарын жастар сыйлығының иегері Мария Мудряк жол апатынан аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Қазақстандамын, кеше біздің екінші туған күніміз болды! Ең алдымен отбасымыздың атынан қиын сәтте бей-жай қалмай, көмекке келген барлық мейірімді және қамқор адамдарға рақмет айтқым келеді! Біз Павлодарға үйге бара жаттық және көктайғақтан көлігіміз екі рет аударылып, жыраға ұшып кетті. Құдайға шүкір, бәріміз аман қалдық», - деп жазды әнші Instagram желісінде.

Оның айтуынша, өтіп жатқан көліктердің бәрі тоқтап, 15 адам қардан шығаруға көмектескен.

«Мен олардың аттарын білмеймін, бірақ осындай қамқор адамдар барда әлемнің тынысы тоқтамайды! Міне, біздің қазақстандықтар осындай. Баршаңызға рақмет!!!», - дейді М. Мудряк.

Еске сала кетсек, ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысының жолдарында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған.


Соңғы жаңалықтар