Оңтүстіктен солтүстікке: Қоныс аударған отбасыларға қанша ақша жұмсалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Еңбек« бағдарламасы қолға алынған 2017 жылдан бері еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймақтарға 26,6 мың адам қоныс аударған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары редакцияның сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдан бері жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 2017 жылдан бастап құрамында 26,6 мың адамы бар 7,3 мың отбасы жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударды», - деп жазады ведомство өкілдері.

Осынша адамның жаңа мекенге жерсініп кетуі үшін мемлекет қазынасынан 2017 жылдан бері 8,8 млрд теңге жұмсалған. Оның ішінде көшуге субсидия төлеу үшін 3 млрд теңге бөлінген.

Ресми жауапта қоныс аударушыларға жаңа тұрғылықты жерінде бастапқы қолдау көрсету үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында мынадай субсидиялар төленентіні айтылған.

- көшуге – әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (102,1 мың теңге) мөлшерінде;

- отбасыға 12 ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге 15-тен 30 АЕК-ке (43,7 мың теңгеден 87,5 мың теңгеге дейін) дейін беріледі.


Соңғы жаңалықтар