Оңтүстікте жер қойнауын пайдаланушылар жаңадан салынған жолдардың тоз-тозын шығарған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жер қойнауын пайдаланушылар жаңадан салынған жолдардың тоз-тозын шығарған. Әсіресе тонналап құм-шағыл қоспасын таситын жүк көліктері 300 шақырым жолды жарамсыз күйге түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде қиыршық тас қазатын 157 кен орны бар. Ал, жолдарды бұзу жәйттері Созақ, Кентау, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Сарыағаш аудандарында орын алған.

Бұл аудандарда карьер иелеріне табиғатқа залал келтіргені үшін былтыр 6 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Инфрақұрылымды бүлдіргені үшін басым көпшілігі жауапқа тартылмай қалған.

Тәртіп бойынша жүк көліктерінің салмағы 8 тоннадан аспауы керек. Алайда өңірде мұны қадағалайтын екі-ақ мобильді топ бар болып шықты. Заңсыз тасымалдаушыларды бәрін бірдей құрықтауға олардың күші жетпейді. Сол себепті миллиардтаған теңгеге жасалған жолдар жыл өтпей жатып, жарамсыз күйге түсетіні белгілі.

Айта кетейік, облыс аумағында жүк көліктеріне жүруге рұқсат етілген 1067 шақырым жол бар.


Соңғы жаңалықтар