Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратурасында жаңа заңдардың нормалары талқыланды

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокуратурасында аудандық көлік прокуратуралары, сот органдары қызметкерлері, сондай-ақ, Алматы-1 стансысы желілік ішкі істер бөлімінің тергеушілері мен Алматы қаласы бойынша Қаржы полициясы департаменті өкілдерінің қатысуымен семинар-мәжіліс өтті.

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратып отыр.

«Семинар барысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңы талқыланды», делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге алқалы жиында «Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының нормалары түсіндірілді.

Соңғы жаңалықтар