«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы техникаларын қысқы режимге ауыстыруда

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімдерінде қару-жарақ пен әскери техниканы пайдаланудың қысқы режиміне ауыстыру бойынша жұмыстар толық жүргізілуде.

Оған мотоатқыштар, танк, артиллериялық бөлімшелер және басқа да бөлімдер жұмылдырылған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​Бүгінде әскери қызметшілермен техникалық жұмыстар басталар алдындағы нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілуде. Жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптары, қызмет көрсету тәртібі және қысқы жағдайда техниканы пайдалану ерекшеліктері түсіндірілді.

​Мамандардың айтуынша, қысқы және жазғы кезеңдерде техниканы пайдалану шарттары айтарлықтай ерекшеленеді, сондықтан техниканы пайдаланудың жаңа режиміне ауыстырудың барлық ұйымдастыру мәселелерін қарастыру қажет.

​«Әскери техниканы дұрыс жағдайда ұстау әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етеді. Техника ақаусыз жағдайда кез келген ауа-райына дайын болуы керек. Сондықтан қысқы пайдалану режиміне көшу жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл орайда жанар-жағар май материалдарының жазғы сорттарын қысқы түріне және техникалық бұйымдарды, май, ауа және отын сүзгілерін ауыстыру шаралары атқарылуда. Сондай-ақ реттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Қажет болған жағдайда өз мерзімін өткерген тораптар мен агрегаттардың да жаңасы қойылатын болады. Бұдан басқа, жауынгерлік машиналардың әлсіз бөлшектерін ауыстыру, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды толық жинақтау жүргізіледі»,-дейді Оңтүстік« өңірлік қолбасшылығының 85395 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, подполковник Жарқын Ақышев.

Соңғы жаңалықтар