Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 24 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сеул соты өткен жылдың басында ірі жемқорлық жанжалы бойынша ұсталған Корея Республикасының бұрынғы президенті Пак Кын Хені 24 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» Yonhap-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сеулдың орталық аймақтық соты 66 жастағы Пак Кын Хені жемқорлық, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін кінәлі деп таныды.

Прокуратура бұрынғы Оңтүстік Корея басшысын 30 жылға бостандығынан шегеру және 118,5 миллиард вон көлемінде айыппұл төлетуді сұраған. Ол 2017 жылы наурыз айының соңында тұтқындалып, 18 тармақ бойынша айыппұл тағылған еді.

Тергеу барысында анықталғандай, Пак өзінің құрбысы Чхве Сун Сильмен келісіп, Samsung, Lotte және SK сияқты ірі компаниялардан ақша бопсалаған.

«Сотталушы президент өкілеттігін асыра пайдаланып, қоғамдық тәртіп пен мемлекет басқаруда нұқсан келтірген», - деп мәлімдеді судья Ким Се-Юн екінші процесс кезінде.

2013 жылдың басында Оңтүстік Корея тарихындағы алғашқы президент-әйел болып сайланған ол жемқорлық үшін айыпты болып танылған үшінші көшбасшы болды. 

Соңғы жаңалықтар