Оңтүстік Кореяда төбелеске қатысты Қазақстанның 19 азаматы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда төбелес кезінде 19 Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 сәуір күні Оңтүстік Кореядағы қаланың бірінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен төбелес болған. Қазақстан азаматтары ол жерде заңсыз жүрген», - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Төбелес кезінде жергілікті полиция Қазақстанның 19 азаматын ұстаған.

«Оңтүстік Кореядағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біздің дипломаттар аталмыш мәселені бақылауда ұстауда. Жергілікті полициямен және көші-қон қызметімен байланыста жұмыс жүргізіп жатыр», - деді Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар