Оңтүстік Кореяда тағы 52 адам коронавирус жұқтырды

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың тағы 52 жағдайы тіркелді. Осылайша, аталған елдегі инфекция жұқтырғандар саны 156 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP NEWS AGENCY агенттігіне сілтеме жасап.

Ауруды жаңадан жұқтырғандардың көбі Тэгу қаласының оңтүстік-шығысында шіркеу қызметіне келген адамдар. Жаңадан ауру жұқтырған 52 адамның 41-і – Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде және көршілес Солтүстік Кёнсан провинциясынан. Сеулде тағы үш жағдай тіркелді, деп хабарлайды Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәлімдемесінде.

Инфекция бірден байқала қоймаған осы екі қалада аурудың өршуі Денсаулық сақтау шенеуніктерін COVID-19 жергілікті жерде тарала бастағанын хабарлауға мәжбүр етті.

Жұқтырғандар саны артқаннан кейін және коронавирустан қаза табу жағдайларынан кейін үкімет Тэгу мен Чхондо қалаларын «ерекше басқару аймақтары» ретінде жариялау жөнінде шешім қабылдады.

Тэгуде және көршілес провинция Солтүстік Кёнсанда расталған жағдайлардың жалпы саны - 111, ал Тэгуде шіркеу қызметіне байланысты вирусты жұқтыру жағдайларының саны 82-ге жетті.

Жұма күні вирустың болуына тест жасалған және карантиндегі адамдар саны 2707 адамды құрады, бейсенбіде бұл көрсеткіш 1860 болған.

3 қаңтардан бастап Оңтүстік Корея COVID-19 вирусына қатысты 14 816 адамға тексеру жүргізді, 11 953 адамда вирус жоқ, ал 16 пациент толық сауыққаннан кейін карантиннен шығарылды.


Соңғы жаңалықтар