Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өртте екі қазақстандық қаза тапты

None
None
ИЧХОН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында құрылыс алаңында болған өртте екі қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт шығып, салдарынан 38 адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-сының аты-жөні анықталған. Соның ішінде екеуі Қазақстан Республикасының азаматы екені белгілі болды. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан Инчхон қаласында салынып жатқан төрт қабатты ғимарат өртенді. Жалын бес сағаттан соң сөндірілді. Жергілікті билік өртке құрылыс жұмыстары кезінде уретан жарылуы себеп болған деп санайды.


Соңғы жаңалықтар