Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық қылмыстық жауапқа тартылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Корея Республикасында Қазақстанның 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кореяда сотталған 25 адамды қайтаруға толық мүмкіндік бар. Өкінішке қарай, Қазақстанның тағы 26 азаматы қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Оларға қатысты сот үкімі заңды күшіне енбеді», - деді М. Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Бұл құжат аясында Кореяда сотталған 25 қазақстандықты елге қайтаруға мүмкіндік жасалмақ.

«Бүгінгі таңда Кореяда 25 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Бізде Кореяның бір азаматы жазаға тартылды. Ұсынылып отырған келісімге ратификация жасалған жағдайда бұл азаматтарды елге қайтаруға мүмкіндік туады. Олар елге келіп, әлеуметтік ортасында жазасын өтейді», - деді М. Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар