Оңтүстік Кореяда халық саны азая бастайды – ВВС

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда халық жылдам қартайып жатыр. Мемлекетте туу көрсеткіші төмен және жастар кеш отау құрады. Бұл аталған мемлекетте үлкен проблема туғызып отыр, деп жазады ВВС.

Басылымның хабарлауынша, экономикалық өзгерістерге ұшыраған мемлекеттер тек қаржы жағынан емес, халық санағы жанынан да проблемаларға тап болады.

«Жылдам индустрализациядан Оңтүстік Корея соңғы жылдары жылдам дамыды. Бүгінгі таңда бұл мемлекеттің экономикасы 1,6 триллион долларға бағаланған. Бұл әлем бойынша Қытай, Жапония, Үндістаннан соң төртінші орында тұр. Осылайша мемлекетте демографиялық парадокс пайда болды», деп жазады автор.

Оның айтуынша, оңтүстіккореялық әйелдерде орташа есеппен 1,1 бала бар. Бұл басқа мемлекеттердегі деректерден төмен. Әлемде бұл көрсеткіш орташа есеппен 2,5 баланы құрайды. Мамандар бұл залық санына тікелей әсер ететін фактор екенін айтты.

«Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда сампо атты әлеуметтік феномен кең тараған. Бұл сампо ұрпақ қарым-қатынастан, некеден, баладан бас тартқан. Сонымен қатар Оңтүстік Корея халқы әлем бойынша ең ұзақ өмір сүретін халықтар қатарында. Жаһанда орташа өмір сүру жасы 72 жас болса, Оңтүстік Кореяда ерлерге 79, әйелдерге 85 жасты құрайды», деп жазады басылым. БҰҰ дректеріне сенсек, биылғы жылдың соңында Оңтүстік Кореяда туған балалар 92 жасқа дейін өмір сүретін болады.

«Бұл парадокс Оңтүстік Корея халқының саны азая бастайтынын көрсетеді. БҰҰ болжамына сенсек, халық саны 2024 жылдан бастап азаятын болады. Сонымен қатар 2100 жылы Оңтүстік КОрея халқының саны 1966 жылмен теңесіп, 29 миллион адамға жетеді.

Соңғы жаңалықтар