Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткіші әлемдегі ең төменгі деңгейді көрсетті

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Әлемдегі бала туу көрсеткішінің ең төменгі деңгейі Оңтүстік Кореяның еншісінде, есесіне бұл елде қарт тұрғындар саны жылдам өсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) есебіне сәйкес, 2021 жылы елдің бір әйелге шаққандағы жалпы туу коэффициенті 1,1-ді құрап, өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалған.

Оңтүстік Кореядағы бұл көрсеткіш барлық зерттелген 198 елдің ішіндегі ең төмені.

«Елде туу деңгейі төмен және халықтың тез қартаю процесі жалғасуда, 0-14 жас аралығындағы халықтың үлесі 12,3 пайызды құрады, бұл Жапонияның көрсеткішіне сәйкес келеді және әлемдік орташа көрсеткіштің жартысына жуығын құрайды, 25,3 пайызға тең», - делінген ЮНФПА есебінде.

Жылдық есеп бойынша, 65 жастан асқан адамдардың үлесі Оңтүстік Кореяның жалпы халқының 16,6 пайызын құрады, бұл бір жыл бұрынғы 15,8 пайыздан күрт өскендікті көрсетеді.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореядағы халық саны 51,3 миллион адам, ал Солтүстік Кореяда - 25,9 миллион.


Соңғы жаңалықтар