Оңтүстік Корея Алматыға коронавирусты анықтайтын ПТР тестілер жеткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Medical Partner Korea медициналық клиникасынан COVID-19 індетін анықтайтын 1 мың дана медициналық тестін сыйға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осыған дейін де Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясында Оңтүстік Корея елімізге түрлі медициналық қорғаныс құралдарын жолдаған болатын.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі достас Оңтүстік Кореяға осындай күрделі кезеңде бүкіл адамзатқа көрсеткен мейірімді іс-әрекетіне алғыс білдіреді», делінген министрліктің Telegram -дағы парақшасында.

Соңғы жаңалықтар