Оңтүстік Африка елшісі Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауға Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс келді.

Елші екі ел мұнайшыларының тәжірибе алмасу жөніндегі ұсынысымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырауға сапарымның мақсаты – мұнай-газ саласында екіжақты қарым-қатынас орнату. Біздің елімізде арзан синтетикалық көмірсутекті қоспа алу көмір өңдеу технологиясы бар. Бұл –мұнайдың баламалы түрі» -деді Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс.

Ол Атырау мұнай өңдеу зауытындағы үш кезеңді қайта жаңғыртуды жүзеге асыру, табиғат қорғау, өндірістік процестерді цифрландыру жұмысымен танысты. Технологиялық процестерді басқаруды бақылайтын бірыңғай операторлық орталыққа қызығушылық танытты.

Елші Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Шухрат Данбаймен кездесуде Оңтүстік Африка Республикасы мамандарының мұнайды зауытқа жеткізу, өңдеу, дайын өнім алу процестерімен танысу үшін тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, атыраулық мұнай өңдеушілерді өз еліндегі синтетикалық көмірстутекті қоспаны алу процесімен танысуға шақырды.


Соңғы жаңалықтар