Өңірлердегі мемлекеттік кірістер департаментіне қалай хабарласуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде байланыс орталықтары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитеті барлық аумақтық органдарға баруды азайту және жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты салық, кедендік міндеттемелерді орындауға қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес ала алатын байланыс орталықтары құрылғанын хабарлайды.

МКК төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында «Біз туралы»/«Халықпен жұмыс»/«Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары» жолы бойынша, сондай-ақ мына сілтеме бойынша тізімде көрсетілген телефон нөмірлерін пайдалануға кеңес береді.

Сонымен қатар, МКК байланыс орталығымен 1414 телефоны, WhatsApp: +7 778 210 98 68 және +7 776 136 41 32, +7 705 559 12 33, +7 705 559 12 39 нөмірлері арқылы байланысуға болады.


Соңғы жаңалықтар