Өңірде әлеуметтік маңыздағы тауарлардың жеткілікті қоры бар - Ермек Маржықпаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде әлеуметтік маңыздағы тауарлар бағасын тұрақтандыру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік маңыздағы тауарларға бағаны тұрақтандыру аясында өңірдегі жергілікті тауар өндірушілерге 1,1 млрд теңгеге азық-түлік тауарларының 7 түрі бойынша займ берілді. Бағаны тұрақтандыру тетігін ары қарай іске асыру үшін биыл облыстық бюджеттен 600 млн теңгеден астам бөлінді», - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, облыс орталығында «KOKSHE MARKET» әлеуметтік павильондар желісі кеңейіп келеді. Онда тұрақтандыру қорының тауарлары нарық құнынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады.

«Өңірде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар. Күн сайын бұл бағытта мониторинг жүргізіліп келеді, сондай-ақ сауда үстемесіне қатысты субъектілерге түсіндіру жұмыстары жүрігізіліп жатыр», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар