+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Өнеркәсіптік саясатты түбегейлі қайта қарау қажет - Дариға Назарбаева

2020 жылғы 30 наурыз 17:48
Бөлісіңіз:
Өнеркәсіптік саясатты түбегейлі қайта қарау қажет - Дариға Назарбаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева еліміздің өзін-өзі қамтамасыз ету жағдайына, әсіресе коронавирус індетінің пандемиясы кезіндегі мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Сенат Төрағасы ол туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы Палатада наурыз айының басында «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жай-күйі және өнімділігі жоғары бизнестің даму болашағы» атты парламенттік тыңдау өткен болатын.

Дариға Назарбаева депутаттар сала өкілдерімен бірлесе отырып, негізгі проблемалық мәселелерді анықтауда ауқымды жұмыстар атқарғанын және Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірлегенін атап өтті. Дегенмен, барлық елдерге демде тараған қауіпті дерт ел экономикасындағы салалардың рөлін қайта қарауға мәжбүр етеді. «Коронавирус пандемиясының салдары әлемдік және отандық экономикаға да ауыр тиюі мүмкін. Бұл жақсы емес. Салалардағы үйреншікті байланыстар бұзылды», - деді Палата басшысы.

Сенат Төрағасы дағдарыс жағдайында ел қауіпсіздігіне қатысты негізгі мәселелерді көтере отырып, экономиканың барлық секторларында жұмылдыру резервтерінің болуы қажеттігін атап өтті. «Нарыққа бәрін бере салуға болмайды. Өнеркәсіптік саясатты түбегейлі қайта қарау қажет. Күтпеген жағдайларға жауап беру үшін жұмылдыру қуаты мен мемлекеттік резервті қалпына келтіру – өмірлік маңызы бар мәселелер», - деді ол. Дариға Назарбаева сонымен қатар, аймақтар да өз ерекшеліктеріне қарай шұғыл жағдайларға жауап қайтарудың арнайы тетіктерін қарастыруы тиіс екеніне ерекше назар аударды.

Сенат басшысы ел экономикасындағы дағдарысты жағдайлар туралы айта келіп: «Біздің экономикамыз икемді болмай шықты. Соңғы уақытта пандемия мен мұнайға байланысты энергия қорына сұраныстың төмендеуі Қазақстан экономикасы үшін бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер тудырды. Енді барлық институттың беріктігі сыналады», деді.

Д.Назарбаеваның айтуынша, бар ресурстарды мүмкіндігінше өңдеу өнеркәсібін дамытуға жұмсау керек, бұл әлбетте жеңіл өнеркәсіпке қатыстыболып отыр. «Бәрінен бұрын елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығына қатысты. Қиын кезең келді. Біз көп нәрседен бас тарта аламыз. Бірақ тамақ, киім, аяқ киім әрқашан жеткілікті болуы тиіс», - деді Палата Төрағасы.

Д.Назарбаева сонымен қатар еліміздің экономикасындағы агроөнеркәсіп секторының рөліне ерекше тоқтала келіп: «Агроөнеркәсіп кешені еліміздің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ететін және халықтың күнделікті тұтыну тауарларына деген негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын экономика салалары үшін тәуелсіз шикізат көзі болуы тиіс», - деді.

Сенат Төрағасы мақаланы қорытындылай келіп, стратегиялық сипаттағы құжаттарды қайта қарау қажеттігін атап көрсетті. «Барлық даму бағдарламасына орын алуы мүмкін дағдарыстарға байланысты түзетулер енгізуге тиіспіз. Бұл – пандемия, климаттың өзгеруі, дұшпандық әрекеттер, шикізат немесе қаржы нарықтарындағы құрылымдық құлдыраулар және еліміз үшін қаламайтын басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Алайда біз барлығына дайын болуымыз керек», - деді Д.Назарбаева.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.









Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Сенат, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT