Өнеркәсіпті дамыту қоры сақтандырушылар пулының барын мойындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ лизинг заттарын сақтандыру аясында сақтандыру компанияларының пулымен жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сақтандырушы «Еуразия» СК» АҚ-ның «Индустриялық даму қоры» АҚ-на қатысты өтінішін қарау нәтижелері бойынша қорға хабарлама жіберген болатын.

Агенттік мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында Қор сақтандыру компанияларының пулын құрды, оған Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы «Халық» Сақтандыру компаниясы» АҚ, «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ, «Қазақмыс» СК» АҚ, «Sinoasia B&R» СК» АҚ және «Виктория» СК» АҚ кірді.

Өтінішпен жұмыс істеу аясында, қордың лизинг алушыларға пулға қатысушы компаниялармен лизинг нысанасын сақтандыру шарттарын қоса жасауды табандылықпен ұсынғаны анықталды. Қордың мұндай әрекеттері, агенттік атап өткендей, сақтандыру қызметтері нарығындағы бәсекелестікті шектейді, өйткені олар пулға қатысушыларға негізсіз артықшылықтар береді.

Алайда Қор сақтандыру мен қорғаудың сапасын арттыру үшін сақтандыру компанияларының пулымен ынтымақтастық туралы шарт 2021 жылғы наурызда жасалды деп мәлімдейді. Қордың сайтында жарияланған хабарламада пулдың құрамына нарықтың 25%-ын алатын бес ірі сақтандыру компаниясы кіргені атап өтілген.

«Пулды құрудағы мақсат – қор клиенттеріне халықаралық қайта сақтандырумен қорғалған төлемдерді жүзеге асыру бойынша бірлескен жауапкершілікпен жалға алынған заттарды сенімді сақтандыру мүмкіндігін беру қажеттілігі болды. Айта кету керек, пулмен ынтымақтастық туралы келісімде қор клиенттерін тек пул қатысушыларынан сақтандыру қызметтерін сатып алуға мәжбүрлеуге бағытталған талаптар жоқ», - делінген хабарламада.

Қор клиенті пулға кірмейтін сақтандырушыны өз бетінше таңдай алады. Дегенмен, кейбір шарттар бар: сақтандыру компаниясы Индустриялық даму қорының талаптарына және сақтандыруды қамту деңгейіне сай болуы керек. Қор тәуекелдерді әртараптандыру және бөлу, сондай-ақ сақтандырушылардың капиталын біріктіру ұсынылатын сақтандыру қызметінің нақты қосымша кепілі деп санайды.

«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ коммерциялық мүдделеріне келетін болсақ, оның қордың ірі мүліктік объектілері бойынша сақтандыру портфеліндегі үлесі 2021 жылдың басында сақтандырудың жалпы көлемінің 56% - дан астамын құрағанын атап өткен жөн», - делінген хабарламада.

Агенттік Индустриялық даму қорына бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн берді. Хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес тексеру жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар