Өнер жұлдыздары, Олимпиада жүлдегерлері, жекпе-жек шеберлері бозкілемде белдесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Олимпиада жүлдегерлері, жекпе-жек файтерлері және өнер жұлдыздары «Wrestling stars» еркін күрес кешінде өзара күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде тұңғыш рет өткізілген турнирде 30 палуан 8 салмақ(57кг, 61кг, 65кг, 70кг, 74кг, 79кг, 86кг, 125кг)бойынша боз кілемге шықты.

Жарыс Халықаралық біріккен күрес әлемінің ережесіне сай өтті. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлия Әбсеметова, Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев қонақ болып, ел мерейін үстем еткен спортшылар мен көрерменге ыстық лебізін жолдады.

«Біздің халық қашан да дүбірлі дода, күрес дегенде ішкен асын жерге қоятын. Жанкүйерлері палуандарына жалынды рух беріп, жеңіске жетелеп қолдау көрсетуге тырысып бағатын. Еліміздің тарихы ержүрек батырларымыз бен құрыш білек палуандарымыздың ерлігіне толы. Арғысы Алпамыс пен Қобыланды, бергісі Балуан Шолақ пен Қажымұқан сынды бабаларымызды үлгі тұтқан Әбілсейіт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров сияқты ағаларымыздың ізін жалғастырған Дәулет Тұрлыханов пен Бақтияр Байсейітов секілді батырлармыз отандық күрестің абыройын арттырып, даңқымызды көтерді. Олардың соңынан ерген жаңа буын өкілдерінің бірқатарын біз бүгінгі додада көрдік»,- деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.
Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев, Беларусь елінің палуаны, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ибрагим Саидов, ҚР жаттықтырушысы Әсет Иманбаев, ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Бақдәулет Әлментай, Азия чемпионы Еркебұлан Боранғали сынды бабы келіскен палуандар мен октагон майталмандары Сергей Морозо, Арман Әшім, Ильдар Құдайбергенов, Асу Алмабаев, workout спортынан әлем чемпионы Айтым Жакупов, Гойти Дазаев, Қуат Хамитов боз кілемде белдесті. Білегі мығым жігітермен өнер барысының екі дүркін чемпионы, актер Асылхан Төлепов пен киноактер Ғазрет Қажымұқанұлы және актер Жасұлан Әйтенов күресті. Белдесу еркін және грек-рим күресі бойынша өтті. «Wrestling Stars» кеші басқа турнирлерден ерекшелігі көп. Алғашқы турнир болғандықтан палуандар тек бір қарсыласпен, бір рет боз кілемге шықты. Жеңімпазға 500 000 тг бұйырса, жеңілген палуан 300 000 тг ақшалай сыйлық табысталды.


Соңғы жаңалықтар